Жарияланды: 600

Астанада жарақаттану және ортопедия саласының тауқыметтеріне арналған халықаралық конференция өтуде

Бүгін, 30-қазанда Астанада "Жарақаттану және ортопедия саласының қазіргі кезеңдегі өзекті проблемалары" деген тақырыпта халықаралық конференция өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бас қосуға қатысушылар "әртүрлі емдеу әдістерінің артықшылықтары және жарақаттану саласымен айналысушы ғалымдардың тың жаңалықтарын қолданысқа енгізу мүмкіндіктері туралы" талқылауды жоспарлап отыр,- деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Министр ортаға салған мәліметтерге жүгінсек, елімізде жыл сайын 600 мыңнан астам адам әртүрлі жарақат алады екен. Осыған байланысты министрдің пайымдауынша, "жараланған адамдарды емдеудің жаңаша, тиімді әрі жылдам әдістерін іздестіру проблемасының өзектілігі артты". Ж.Досқалиевтің айтуынша, "медицина саласындағы жаңаша технологиялар туралы өз тәжірибелерімен және тың ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік беретін мұндай бас қосуларды ұйымдастырудың маңызы зор". Осы орайда Ж.Досқалиев Астанада жарақаттану және ортопедия жөнінде еліміз бойынша Г.Илизаров атындағы жалғыз мамандандырылған ғылыми зерттеу институты жұмыс істейтінін еске салды. "Алайда, жалғыз институт жеткіліксіз,- деп пайымдайды министр. Министрдің хабарлауынша, қазір ҒЗИ аясында балаларға арналған травматологиялық бөлімше ашу мүмкіндіктері қарастырылуда. Халықаралық конференцияға Қазақстан, Ресей, Германия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 300-ден астам мамандар мен ғалымдар қатысуда. Бас қосу аясында медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін