Мекеме баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Алматы ауданындағы №3 ықшамауданда бес қабатты тұрғын үйде болған. Дүйсенбі күні кешке үйдің бір подъезінің жертөлесінде электр кабельдің тұтануы салдарынан щитте қысқаша тұйықталу болған. Соның салдарынан үйде тоқ толық үзілді.
«Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ, қою түтін тұмшалап алу салдарынан ғимараттан 60 адам көшірілді»,- деп хабарлайды мекеме.
Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 35 минутта сөндірді. Қазір үйде электр қамтамасыздығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті