Астанада жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі бойынша"дөңгелек үстөл" өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі бойынша"дөңгелек үстөл" өткізіледі

Астанада жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі бойынша"дөңгелек үстөл" өткізіледі

Алматы. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 30 қарашада "Инвестициялық тұрақтылық жағдайында жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың құқықтық аспектілері", тақырыбында дөңгелек үстөл өткізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 848
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «кездесу кезінде тиісті құқықтық режим және инвестициялық тұрақтылық қағидасын орындау жағдайында ҚР заңдарын (салық, кедендің, экологиялық т.б.) пайдалану кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланады».

Сондай-ақ, континенталдық және ағылшынсаксон мемлекеттік құқықтың құрылымдарын пайдаланып отырған елдердің халықаралық тәжірибелері талқыланатын болады.

«Дөңгелек үстөлдің » жұмысына үкімет мүшелері, парламент палаталарының депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, «Самұрық холдингі»АҚ, «ҚазМұнайГаз «ҰК АҚ, шетелдің инвесторлар кеңесінің өкілдері, жер қойнауын пайдаланушылар мен салық төлеушілер қауымдастығының мүшелері қатысады деп күтілуде.

Форумның ұйымдастырушылары- ҚР қаржы министрлігі және құқықтық зерттеу және сараптау институты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті