Марқұм Елордаға Қызылорда облысынан келген екен. Оның жоғарғы қабаттан құлап кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында «Еңбек тәртібі сақталмаған» деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Астанадағы құрылыс алаңдарында кісі өлімі жиі болып тұрады. Үш апта бұрын ғана қаладағы мұз сарайын салып жатқан 6 жігіт 20 метрлік биіктіктен құлап кеткен еді. Олардың үшеуі сол жерде, кейін екеуі ауруханада көз жұмды.