Астанадағы апаттан соң Скаттың ұшақтары шұғыл тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы апаттан соң Скаттың ұшақтары шұғыл тексеріліп жатыр

Астанадағы апаттан соң Скаттың ұшақтары шұғыл тексеріліп жатыр

Жүздеген жолаушыны тағы ажал құштыра жаздаған «Скат» компаниясына қатысты тексеріс басталды. Азаматтық авиация комитеті осы әуе тасымалдаушысына тиесілі ұшақтардың техникалық жағдайы мен пилоттардың кәсіби деңгейіне дейін шұғыл тексеруге кірісті.  

  • 9 Сәуiр 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz


Айта кетсек, кеше Шымкенттен Астанаға бағыт алған жолаушыға лық толы  «Боинг» әуежайға қона алмай, аспанда 1 жарым сағат қалықтап жүрген. Бұған әуе кемесінің алдыңғы дөңгелектерінің ашылмай қалуы себеп. Экипаж мүшелері төртінші талпыныстан кейін лайнерді Астана әуежайына әзер қондырды. Абырой болғанда, жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бір апта бұрын да Елордада дәл осындай оқыс оқиға болып «Скат»-қа тиесілі ұшақтың тежегіші істен шыққан-ды. Қазір қос апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.