Астанадағы ЭКСПО кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЭКСПО кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді

Астанадағы ЭКСПО кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бейжіңдегі штаб-пәтерінде ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіндегі ШЫҰ павильонының ресми таныстырылымы өтті

  • 29 Мамыр 2017
  • 282
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол штаб-пәтердің қонақтарына павильонның қызметі туралы толығырақ ақпарат беріп, ШЫҰ өз тарихында алғаш рет халықаралық көрменің жұмысына қатысып жатқандығын атап өтті.

«ШЫҰ-ның ЭКСПО-2017 көрмесінде өз павильонын орналастыратын жалғыз өңірлік ұйым екендігін есепке ала отырып, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болып табылады», — деді Алимов.

Бас хатшы көрме жұмысының басталу мерзімі ШЫҰ мүше-елдердің басшылары кеңесінің отырысымен тұспа-тұс келетіндігін атап өтті. «Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО-ның тақырыбы ШЫҰ «Шанхай рухы» энергиясымен тұтасып тұр», — деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, дипломат ШЫҰ павильонының жұмысы барысында Ұйым қызметінің түрлі аспектілеріне арналған іс-шаралар өтетіндігін хабарлады.


«Біз ЭКСПО басшылығымен көрме аясында 27 тамыз — «ШЫҰ күні» ретінде аталып өтетіндігі жөнінде келісім жасадық. Дәл осы күні Астанада ШЫҰ халықаралық марафоны өтеді, оған 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Алда өте маңызды бағдарлама тұр, осыған орай баршаңызды Астанадағы ШЫҰ павильонына шақырамын», — деп түйіндеді ұйымның бас хатшысы. 

Соңғы жаңалықтар