Астанадағы мектептерде сабақ таңғы 7:40-та басталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы мектептерде сабақ таңғы 7:40-та басталуы мүмкін

Астанадағы мектептерде сабақ таңғы 7:40-та басталуы мүмкін

Астанадағы бірнеше мектепте сабақ кестесі өзгеруі мүмкін. Әкімдіктегілер бірінші ауысымды бұрынғыдай таңғы 8-де емес, 7:40 бастау туралы ұсыныс жасады. Атқамінерлер осылайша қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтпақ. Алайда ата-аналар мен психологтар шенеуніктермен мүлдем келіспей отыр. Айтуларынша, бұл уақытта балалардың  ұйқысы қанбайды. Салдарынан сабақ үлгерімі төмендейді. Бұл оқушылардың денсаулығына да кері әсер етеді. Елордалық атқамінерлер тек мектептердің ғана емес, кейбір кәсіпорындар мен мекемелердің де жұмыс уақытын ауыстырмақ.   

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

Қазір Астана мектептеріндегі бірінші ауысымның алғашқы сабағы таңғы 8-де басталады. Балаларын жетектеген  ата-аналармен қабаттасып қызметкерлер де жұмысқа шығады. Сөйтіп, күн сайын дәл осы уақытта көлік кептелісі артады. Әкімдіктегілер жуырда  қаладағы қозғалысты жіті зерттеп, кейбір кептелісі көп көшелердің тізімін анықтапты.  Енді  сол жолдардағы жүріс-тұрысты жеңілдету үшін  шаһардағы 17  мектептің  сабақ кестесін ауыстыру туралы ұсыныс жасап отыр.

Қасымхан Сенғазиев, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары:

— Біз білім беру мекемелерінің басшыларына жібердік. Ол кісілер ата-аналармен және ұстаздармен қарастырып, ойларын жинақтап, қарастыру қажет болатын.

 

Яғни, егер жаңа ереже күшіне енсе, сабақ 7-40 басталады. Сонда балалар ұйқыдан таңғы 6-да тұруы тиіс. Ал әлеуметтік желі пайдаланушылар бұл жаңалықты келемеждеуге кіріскен. Күні бойы ғаламторда мынадай сыни  суреттер жариялануда. Ата-аналар болса, ашулы. Көбі 7:40 басталатын сабаққа мүлдем қарсы. Балалар психологы болып жұмыс істейтін Елена көшедегі көлік кептелісін оқушылар арқылы шешу дұрыс емес дейді. Айтуынша, ұйқысы қанбаған баланың иммунитеті төмендейді,оқуға деген ынтасы да жоғалады.

Елена Лосева, балалар психологы:

— Егер сабақ 8-ден ерте басталса, бірінішден балалардың үлгерімі төмендейді. Өйткені, бала мектепке келіп алып, ұйқысын аша алмай отырады. Екіншіден, бұл Денсаулық сақтау министрлігі қабылдағана санитарлық талапқа қайшы.

Шенеуніктер оқушыларды ғана емес, кейбір кәсіпорындар мен мекемлердің де кестесін де ауыстырмақ. Яғни, бірқатар қызметкрелердің жұмыс уақыты әдеттегідей 9-да емес, жарты сағатқа ерте басталуы мүмкін.

Астанада  осыдан он жыл бұрын да көлік кептелісінен құтылу үшін жұмыс уақыты таңғы 8-ге ауысқан еді. Қызметкерлердің  қарсылық білдіргеніне қарамастан бірқатар мемлекеттік мекемелер жаңа ережеге сай жұмыс істеді де. Кейін ескі уақытқа қайта көшті. Ал әкімдіктің бұл жолғы бастамасы немен аяқталатыны әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар