Жарияланды: 60

Астанадағы мектептердің бірінде оқушыларға қатқан нанды суға жібітіп берген

Астанадағы мектептердің бірінде оқушыларға қатқан нанды суға жібітіп берген

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылардың түскі асына суға жібітілген және қатқан нан берген.

Бұл жағдайды телефон камерасына түсіріп алған куәгерлердің бірі видеоны WhatsApp желісі арқылы таратты. Артынша бейнекадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.

Видео авторының айтуынша, мектеп асханасы оқушыларға суға жібітілген және қатып қалған нан береді екен. Бұл Астана қаласындағы №65 мектептің асханасы дейді ол.

«Тендерге түскен асхана. Пайда көретін кәсіпкер, зиян шегіп отырған балалар. Астана қаласындағы 65 мектеп», - делінген видеоға тіркелген жазбада. «Ал, сіз осындай қатқан нанды өз балаңызға берер ме едіңіз?», - дейді видео авторы.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада Лениннің орнына Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылмақ

Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін