Астанадағы құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтар анықталды - қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтар анықталды  - қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті

Астанадағы құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтар анықталды - қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Астана қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында департамент директоры Жандарбек Бекшин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Тексерулердің нәтижесінде 58 асхананың жұмысы тоқтатылып, 98 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтар «АБК-құрылыс», «Базис», «Альянсстройинвест» секілді компанияларда анықталған. » Бұл мәселені тұрақты қадағалап отыру қажеттігін тексеру нәтижесі көрсетті. Тексерулер жылдың екінші жартысында да жалғасады», -деп сендірді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, тексерулерді прокуратура органдары, Астана қалалық өнеркәсіп және кәсіпкерлеік департаменті, сондай-ақ, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері бірлесе жүргізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті