Астанадағы құрылыс алаңында болған оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Астанадағы құрылыс алаңында болған  оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы құрылыс алаңында болған оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Астананың құрылыс алаңында тағы төтенше жағдай! Тура жұмыс қызған шақта биіктен темір құрастырмалардың бірі құлап 18 құрылысшыны басып қалған. Ауыр темірдің астында қалған адамдарды тек оқиға орнына жеткен құтқарушылар шығарып алыпты. Зардап шеккендердің барлығы дін аман. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің өміріне төнген қауіп те сейілген.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz


Төтенше оқиғадан кейін элиталық тұрғын үй кешені салынып жатқан жердегі қан іздерін шұғыл тазартылыпты. Куәгерлердің айтуынша, металл құрастырмасы алдымен теңселіп кейін бірнеше метр биіктіктен  жерге құлаған. Бірнеше адамды ажал құштыра жаздаған оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп. Енді құрылыс компаниясы жазасыз қалмайды. Жапа шеккен жұмысшыларына өтемақы да төлеуі тиіс. Айта кетсек, былтыр Астананың құрылыс алаңында 20 адам қаза тапқан.