Астанадағы ақылы тұрақтар әкімдік меншігіне өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ақылы тұрақтар әкімдік меншігіне өтті

Астанадағы ақылы тұрақтар әкімдік меншігіне өтті

Елордадағы ақылы тұрақтар әкімдіктің меншігіне толыққанды өтті

  • 15 Мамыр
  • 3
Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

— Ақылы автотұрақ әкімдіктік қарамағына өтті деп айтуға болады. Бізге тұрақтарды өткізген компания осыған дейін қалпына келтіру кезеңінде болды. Бүгін сауықтыру процесін тоқтату туралы соттың шешімі күшіне енді. Сондай-ақ тұрақты беру жөнінде қосымша келісімге де қол қойылды. Таяу күндері соңғы келісімге қол қойылады деп ойлаймыз, — деді Е. Өтебаев Парламент палаталарының отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Сонымен қатар одан ақылы тұрақтар қала бюджетіне қанша қаражат түсіруі мүмкін екені сұралды. 

— Қазір айту қиын, бірақ бұған дейін ол іске қосылғаннан бері айыппұлдармен бірге 5 млрд теңгеден астам табыс әкелген, — деп әкім орынбасары

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсан айында Астана әкімдігі мен «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС арасында алдын ала келісімшартқа қол қойылды

Құжатта аталған компания 100% үлесін жергілікті атқарушы органға қайтарымсыз негізде беретіні жазылған.