Жарияланды: 420

Астанаға газ құбыры 2014 жылға қарай тартылатын болады

2013 жылдың соңында Астанаға газ құбыры тартылатын болады, деп хабарлады Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

"ҚазТрансгаздың" ақпаратына қарағанда, газ құбыры қалаға 2013 жылдың соңына дейін тартылмақ", деді ол Астанада жұмада қаланы дамыту мәселелері жөніндегі жиында. "Астананы газификациялау мәселелері жөніндегі шешімді қабылдаумен қатар біз параллельді түрде ЖЭО-да газды пайдалану мәселесін пысықтаудамыз", деді ол. Астананың жалпы газға деген сұранысы1 млрд 100 млн текшеметр газ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть