«»Астана — есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасының аясындағы оперативтік шара барысында ҰҚК қызметкерлері жол полициясы басқармасының «Рубеж» бекетінде Астанаға кіре беріс жолда Астана тұрғыны болып табылатын өткізу базасының ұйымдастырушысын ірі көлемдегі есірткімен ұстады. Оның көлігін тексеру барысында құпия қоймадан сегіз килограмм героин табылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл есірткінің бір бөлігін Қазақстан Елордасында, ал қалған бөлігін Ресейде сату межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті