Астана-Лениногор бағытындағы жолаушылар пойызы апатқа ұшырай жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Лениногор бағытындағы жолаушылар пойызы апатқа ұшырай жаздады

Астана-Лениногор бағытындағы жолаушылар пойызы апатқа ұшырай жаздады

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 403
Фото - Caravan.kz

6 шілде сағат 19:00-де Защита-Лениногор аумағының Кошунов –Черемшанка жолында «Астана-Лениногор» бағдарындағы №375 жолаушылар пойызы апаттан құтқарылды. Бұл туралы Caravan.kz сайты «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Машинист Виталий Пилипенко мен машинистің көмекшісі Максим Ефремов 100 метрдей жердегі рельске құлаған ағаштарды көріп, шұғыл тежегішті басты. Бұл кезде күшті жел әрі нөсер жауын төгіп тұрды. Локомотив бригадасы пойыз диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлады. Артынша пойыз жолсеріктері мен машинист, машинистің көмекшісі жолды аршуға кірісті. Көп ұзамай жолшылар бригадасы жедел жетіп, құлаған ағаштарды балтамен, бензинді арамен кескіледі.

Пойыз 42 минут тұрды. 20:12-де пойыз сапарын жалғастырды. Бригада кешіккен уақытын жолда қуып жетті. Лениногор қаласына кестеден 18 минутқа кешігіп жетті. Осылайша, локомотив бригадасының шұғыл шешімі мен қырағылығының арқасында жолаушылар пойызы апаттан аман қалды.



 

Соңғы жаңалықтар