Жарияланды: 7400

Астаналық «ағашкалардың» қызығы: Бизнестегі серіктесінің келінімен төсекте бас қосқан

Астаналық «ағашкалардың» қызығы: Бизнестегі серіктесінің келінімен төсекте бас қосқан

Елімізде жеке детектив қызметі заңмен әлі бекітілмесе де, бай адамдардың оларға деген сұранысы артып тұр. Ал олардың тапсырысын орындауға кіріскен детективтер түрлі жаға ұстатарлық жағдайларға тап болып жатады.

Астаналық Аслан есімді детектив "КАРАВАН" газетінің тілшісіне елордалық көкелердің ("агашки") қызықтары туралы айтып берді. Соның ішінде, әсіресе, мына хикаяға жеке тоқталуды жөн көрдік.

- Біздің жұмыста жиіркенішті жағдайлар көп ұшырасады. Мысалы, бір "ағашканың" бизнестегі серіктесі (екеуі бизнесті бірге өркендеткен) оның келінімен жатып қойған.

Ұлы әйелімен ажырасып жатқандықтан, көкеміз немересін өзіне қалдырғысы келген ғой. Мен оған: "Заң анасын жақтайды, ештеңе істей алмаймыз" дедім. Ал ол: "Келінімді әшкере ететіндей бір ілік тауып берші. Қалғанын өзім қатырамын" деді. Содан мен бұл келіннің клиентімнің бизнестегі серіктесімен көңілдес екенін анықтадым. Ол келіншекке пәтер жалдап әперіп қойыпты. Осыны анықтағанан кейін көкеміздің серіктесі маған 5 миллион ұсынды. Негізі, клиентім аз ақша төлеп отыр. Бірақ басым екеу емес қой, бас тарттым. Ал бұл хикаяның немен аяқталғанын білмеймін, - дейді Аслан.    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін