Астаналық мәйітханада бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық мәйітханада бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды

Астаналық мәйітханада бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды

Астаналық мәйітханада бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Қала күні қарсаңында 30 жастағы азамат Есіл өзеніне суға кеткен болатын. Сол марқұмның денесін туыстарына мәйітханаға қызметкерлерінен тартып алуға тура келді. Олар, мүрдеге сараптама жүргізуге қарсымыз дейді. Ал  мәйітхана қызметкерлері болса, заңға сәйкес өлген адамның денесіне медициналық сараптама жасап, нақты неден қайтыс болғанын анықтау қажет деп отыр.

  • 8 Шiлде 2011
  • 713
Фото - Caravan.kz

Марқұм Насыржан Самет ұлты қазақ. Қытайдың азаматы. Астанаға тарихи отанына оралған туыстарына келіпті. Қонақта жүріп  суға кеткен оның денесін мәйітханаға 5 шілдеде полицейлер әкеп тапсырған. Қайғылы жағдайды естіген туыстары марқұмды сол күні-ақ әкетуге әрекеттеніпті. Бірақ  бұл күндері Астанада демалыс деп жарияланғандықтан, «мәйітхана басшыларын таба алмадық, ал жүрген қызметкерлер жөні түзу жауап бермеді»деп отыр.

Ғайнел Нығметолла, марқұмның туысы:

Кешеден бері қаңтарылып жүрсек, әлі жүрміз, көрін қазып қойдық. Ісімізді шешіп берсін, шешпесе,әзір басып кіреміз. Біздің мәселемізді қарайтын адам жоқ, бәрі демалыста. Жатыр. біреуі прокурорға бар дейді , бірі милицияға бар дейді.

Зағипа Сәмет, марқұмның қарындасы:

— «Соямыз»  дейді, біз сойғызбаймыз, сояды екен мен осы жерде өзімді союға бармын.

Осыдан кейін, көп кідірместен, жиналғандар мәйітханаға басып кірді. «Бауырымыздың өліміне ешкімді кінәламаймыз, сондықтан бізге ешқандай сараптама керек емес. Тек Ислам шартына сай марқұмның денесін уақыт өткізбестен, жерге тапсырумыз керек» — дейді олар.

Мұндайды бірінші рет көрген мәйітхана қызметкерлері қарсылық көрсетуге тырысты, бірақ шамалары жетпейтінін біліп, полиция шақыруға тура келді. Алайда ашуға булыққан оралман азаматтарға тәртіп сақшылар да бөгет бола алмады.


Мәйітхана қызметкерлері болса, өздері тарапынан ешқандайда заң бұзушылықтар болмағанын айтып отыр.       

Татьяна Полякова, Астана қалалық сот-медициналық сараптама орталығының бөлім меңгерушісі:

 — Қылмыстық кодекс бойынша мұндай жағдайда медициналық сараптама жасалуы керек. Себебі, өлімнің неден болғаны анықтау керекпіз. Марқұм сол сәтте ішімдік ішті ме, денесінде қандай да бір соққы бар ма, жоқ па,осыны білу үшін.

Мәйітхана қызметкерлері бұл жағдай бойынша Ішкі істер департаментіне хабарлаған. Оралман азаматтардың әрекеті қаншалықты заңды енді оны құзырлы орындар анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар