Астаналық қызтеке ЭКСПО-ға кіре алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық қызтеке ЭКСПО-ға кіре алмай жүр

Астаналық қызтеке ЭКСПО-ға кіре алмай жүр

Жынысын ауыстырған еркек полицияға шағымданғанымен, ондағылар мәселенің бәрі қызтекенің өзінен деп отыр. Сөйтіп "жігіт" өзі күдіктіге айналып шыға келіпті.

  • 13 Қараша 2017
  • 1079
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 365info хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.

28 жастағы трансексуал жынысын ауыстырғанымен, құжат бойынша аты жөні – Серік Сағындықов. Айтуынша, таңертең такси ұстап үйіне бармақ болған. Бірақ, қызтекені пәтеріне жеткізген жүргізуші, Серіктің бағалы заттарын тартып алып, күш көрсетіпті.

Ақшасы мен құжатынан айырылған трансгендер кейін полицияға қоңырау шалып, болған жайтты айтқан. Тәртіп сақшылары таксишіні бірден ұстапты. Бірақ, артынан түк болмағандай жібере салған.

-Есіл аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Арызымды ондағылар қабылдамай қойды. Ұрланған ақшамды бөлісіп алып, таксишіні жібере салған. Керісінше, мені ұрып соғып, қолыма кісен салып, бірнеше сағатқа қамап тастады, – деді Серік Сағындықов

Ал, телефон, құжаттың барлығы бөлімшеде қалып қойыпты. Бүгін Серік соны алуға барған. Сөйтсе, тәртіп сақшылары да қызтекені іздеп жүр екен. Өйткені, барлық дау такси жүргізушісінен емес, осы трансексуалдың кесірінен шыққан дейді полицейлер. Яғни, араққа сылқия тойған Серік көлікте ойына келгенін істеп, ішін бүлдіріп тастапты.

-Келген залалдың көлемі 30 мың теңге. Сонымен қатар былапыт сөздер айтқан. Намысына тиген.


Осылайша, трансгендерге бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған полицейлер тонау оқиғасын Серіктің ойдан шығарғанын айтады. Соған қарағанда, оның шағымы бойынша арыз сол күйі қабылданбайтын секілді. Керісінше, таксишіге тіл тигізгені үшін өзі 10 тәулікке қамалып немесе 20 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар