Астананы қаржылық орталыққа айналдыру шешімі өте жақсы қадам - Эрик Шир - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананы қаржылық орталыққа айналдыру шешімі өте жақсы қадам - Эрик Шир

Астананы қаржылық орталыққа айналдыру шешімі өте жақсы қадам - Эрик Шир

Астананы қаржылық орталыққа айналдыру шешімі өте жақсы қадам. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің

  • 4 Маусым 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

ХХVIII пленарлық отырысының алдында тілшілерге берген сұхбатында «Бейкер және Макензи — Си-Ай-Эс, Лимитед» фирмасы бас директорының орынбасары Эрик Шир мәлім етті.

«Біз заңгерлік фирма ретінде осында 1998 жылдан бастап жұмыс істеудеміз. Біздің кеңсе Алматыда орналасқан және жыл сайын кеңейіп келеді. Атап айтқанда, жұмысымыздың барысында инвестиция тартудамыз, сонымен қатар бизнесті кеңейтіп жатырмыз»,-деді Э. Ширн.

Инвестиция тарту үшін құқықтық жүйені дамыту маңызды екеніне  тоқталған ол, қаржылық істерге білікті тәуелсіз соттардың болуы айрықша қажет екенін атап өтті.


«Астананы қаржылық орталыққа айналдыру бастамасы жайында біз білеміз. Бұл қадамды өте жақсы шешім деп бағаладық. Осы орайда «Бейкер және Макензи» компаниясы осы бастаманы қолдайтынын атап өткен жөн»,-деді Э. Шир.