Жарияланды: 280

Астананың ақылы тұрақтарына көлікті қай уақытта тегін қоюға болады

Астананың ақылы тұрақтарына көлікті қай уақытта тегін қоюға болады

Елорданың 2 аймағындағы шамамен 9000 мың көлік тұрағы кешкісін, демалыс және мереке күндері тегін болады. Бұл жайында ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген «Астана LRT» ЖШС-інен мәлім етті.

«2017 жылдың соңына дейін Астанада шамамен 9 мың ақылы көлік тұрағын жасау жоспарланып отыр. Олар мынадай екі аймақта орналасатын болады: №1 аймақ - Тұран-Сарайшық-Мәңгілік ел - Сығанақ көшелерінің қиылысы; №2 аймақ - Сарыарқа - Бөгенбай батыр-Республика-Набережный көшелерінің қиылысы», - делінген хабарламада.

Компания мәліметінде көлікті ақылы тұраққа 1 сағатқа қою құны 100 теңгені құрайтындығы айтылған. Тұрақ үшін ақы жұмыс күндерінде сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін алынады. Төлемді көлікті тұраққа қойғаннан кейін 30 минуттың ішінде жасау қажет.

«Ақылы тұрақ жүйесі кептеліс болатын кезеңде жұмыс істейді. 20-00-ден кейін және демалыс пен мереке күндері тұрақ тегін болады», - деп атап өтеді «Астана LRT» компаниясы.

Ақылы көлік тұрақтарын құрудағы басты мақсат мынадай: жол бойында ұзақ мерзімге қалдырылатын автомобильдердің санын қысқарту арқылы көше жолдарындағы жүктемені 30 пайызға дейін төмендету; тұрақ кеңістігі жүктемесін 40-50 пайызға азайту; қоғамдық көліктерге сұранысты 15-20 пайызға арттыру; жол қозғалысы ережесінің бұзылуын 70-80 пайызға кеміту; жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көліктер мен автомобильдердің еркін қозғалысына мүмкіншілік жасау.  


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін