Астананың мерейтойы Қазақстан экономикасының тұғыры беріктігін паш етуге тиіс - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың мерейтойы Қазақстан экономикасының тұғыры беріктігін паш етуге тиіс - Н. Назарбаев

Астананың мерейтойы Қазақстан экономикасының тұғыры беріктігін паш етуге тиіс - Н. Назарбаев

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астананың мерейтойы Қазақстан экономикасының тұғыры беріктігін паш етуге тиіс. Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен кеңесте президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 579
Фото - Caravan.kz

«Астананың мерейтойы Қазақстан экономикасының тұғыры беріктігін паш етуге тиіс: дағдарысты еңсере бастадық, экономикамыз тұрақты, инвестициялық ахуал қалыпты деңгейде сақталып отыр», — деді президент.

Оның пайымдауынша, «мерейтойды атап өту Астананың халықаралық туризм орталығы ретінде дамуына қуатты серпін беруге тиіс». «Сол себепті сыртқы тұсаукесерге жеке бағдарлама дайындау керек: кинофильмдер мен көркемдік ұжымдардың гастрольдерін ұйымдастыру қажет. Астанаға әлемнің төрт түкпірінен туристерді тарту қажет», — деді президент.

Сонымен бірге, президенттің айтуынша, Қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда Елордасы мерейтойының тұсаукесері бойынша кең көлемді науқан ұйымдастыру керек. «Осы 10 жыл елдің басты қаласы өзгертілген сәттен бастап жалпыұлттық ілгерілеушілік үшін не бергенін паш ету қажет. Ақпараттық жұмыстар Астанаға еліміздің барлық түкпірі мен шетелдерден қонақтарды тартуға бағытталуы тиіс», -деді ол.

Атап айтсақ, СІМ желісі бойынша Астана мен мерекелік бағдарламаның тартымды жарнамасын ұйымдастыру керек, деді президент. «Бұл жұмыс тек Астананың ғана емес, жалпы Қазақстанның беделін көтереді», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті