«Астана мерейтойға лайықты көрсеткіштермен келді: алдын-ала мәліметке сәйкес, өткен жылы Астананың нақты аймақтық өнімі 1,3 трлн теңгеден асты, бұл 2006 жылғыдан 36% артық», -деді мемлекет басшысы.
«Егер біз құрылысқа жұмсаған қаражат пен осы қала өндіретін өнімге салыстыра қарайтын болсақ, ол шығыннан бірнеше есе артық», — деді ол.
Мемлекет басшысының мәліметінше, 2007 жылы қаладағы өнеркәсіп өндірісі 22%-ға, негізгі капитал 13%-ға өсті. «Бұл аса қуатты көрсеткіштер, мұндай көрсеткіш елімізде де, дүниежүзінде де жоқ шығар», — деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге, қалада жаңа жоғарытехнологиялық кешен де белсенді қалыптасуда: медициналық, білім беру, транспорттық-логистикалық, биотехнологиялық орталықтар, бұлар «еліміз бен қала экономикасының жоғарыинтеллектуалдық іргетасын құруда», — деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті