«Астананың ІІД жеке құрамы 25 маусым мен 7 шілде аралығында күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады. ІІД мен аудандың ІІБ жетекшілері тәулік бойы кезекшілік жасайтын болады. Бұл күндері күшейтілген патрульдік жасақтар қала аймағында қоғамдық тәртіпті сақтайтын болады», — деді С. Досымов.
«Қазірдің өзінде біз мерекеге 97 күн қалғанда алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, жеке қызметкер құрамы екі ауысыммен істеп, күшейтілген режимдегі жұмысқа ауыстырылды. Яғни, жұмыс тәулік бойы жүргізілуде», — деп толықтырды ойын ол.
ІІД түсіндіргеніндей, Астананың он жылдық мерекесіне орай ІІД мен ІІМ бірлесе отырып арнайы шұғыл штабын құрып, Астанада жол және қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан тәжірибелік шаралар жоспарын бекітті.
«Бүгінгі күні біздің барлық күштеріміз бен қаржымыз есептелді», -деді ол.
Баспасөз хатында айтылғанындай, осы уақыт аралығында тәртіпті қамтамасыз ету үшін астаналық полиция гарнизонының 2 мың қызметкері, 214 арнайы көлегі мен тікұшақтар жұмылдырылатын болады.
«Әрине, бұған біздің күшіміздің жеткіліксіз болатыны белгілі, сондықтан ІІМ қосымша күш пен қаражатты бөліп отыр. Біздің көршілеріміз болып отырған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары да көмекке келеді», -деп атап өтті С. Досымов.
Ол айтқанындай, бұл аймақтардан Астанаға «сыртқы қызмет мамандары мен шұғыл қызмет уәкілдері, жол полициясының қызметкерлері жіберіледі». «Бұл жерде біз қалаға келген қонақтар санына қарай есеп жасайтын боламыз», — деді ІІД бастығы.
ІІД таратқан баспасөз хатында жазылғанындай, бұл аймақтар мен ІІМ орталық аппаратынан қосымша 1149 арнайы техника, 1600 қызметкер қатыстырылады. Сондай-ақ, ведомстволық оқу мекемелерінің оқушылары мен ішкі әскердің әскери қызметкерлері жұмылдырылады.
«Бұл күндері арнайы шаралар жүргізіледі, оған қоғамдық тәртіпті орнату, қылмыстарға қарсы күрес жүргізу сияқты жұмыстар жатады», -деп атап өтті С. Досымов. ІІД баспасөз хатында айтылғанындай, мерекелік шараларды өткізу барысында астанаға келетін азаматтарды тексеру жұмыстары күшейтіліп, қаңғыбастар мен қайыр сұрап отырғандар құрықталады. Сондай-ақ, іздеуде жүргендерді іздестіру, паспорттық режимді бұзғандар, есірткі, қару және жарылғыш заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау жұмыстарына үлкен көңіл бөлінетін болады.
«Мереке алдында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі үнемі астаналық департаменті жетекшілерінің бақылауында тұр және біз мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін бәрін жасаймыз»,- деп қорытындылады С. Досымов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті