Әкімнің ақпараты бойынша қажетті инвестицялар мөлшері 330 млрд теңгені құрайды.
А. Мамин хабарлағанындай, бүгінде «Степная», «Заречная», «Жұлдыз» қосалқы электр станцияларының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, «Жаңажол» қосалқы станциясынының құрылысы жүргізіліп, «ПНФ» қосалқы станциясының жөндеу жұмыстары жасалуда. 6-шақырымдық магистральдық жылу жүйесі тартылды.
2-ші ЖЭО кеңейту және қайта жөндеу аясында №6 қазандық агрегаты іске қосылып, тұрғызылған станцияның жылу қуаттылығы сағатына 210 Гигакалорияға ұлғайтылды. Ал электр қуаттылығы- 120 Мегаваттқа артты.
Сонымен қатар, 2-ші ЖЭО қайта жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастырылып, сағатына қуаттылығы 592 Гккал су қазандығын, үш қазандық агрегатын және екі турбоагрегат салу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті