Астананың үш тұрғыны Малайзиядағы шоттардан 5 млн теңге ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың үш тұрғыны Малайзиядағы шоттардан 5 млн теңге ұрлаған

Астананың үш тұрғыны Малайзиядағы шоттардан 5 млн теңге ұрлаған

Астана қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері Малайзия азаматтарының шоттарынан POS-терминал арқылы қаржыны қолды еткен үш Астана тұрғынына қатысты қылмыстық істің өндірісін тоқтатты. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық әрекеттердің салдарынан келтірілген шығын 5 млн теңгеден асты. 2016 жылдың 21 желтоқсанында қылмыстық іс қарау үшін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотына жолданды»,-делінген хабарламада. Құқық қорғау органының өкілдері азаматтарды сақ болуға шақырды. Жалған СМС-хабарламалар тарату арқылы қаржы жымқыру әрекеттері 10 жыл бұрын пайда болған болса, бүгінде мұндай тәсілдер саны өте көп. Алаяқтар Қазақстан банктерінің клиенттері болып табылатын азаматтардың қаржыларын қолды етіп қана қоймай, жаңа технологияларды қолдана отырып, шетелдік банкетрдің есептерінен де қаржы жымқыруда.



 

Соңғы жаңалықтар