«Астана-Петропавл» күре жолында көлік апатынан 10 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-Петропавл» күре жолында көлік апатынан 10 адам зардап шекті

«Астана-Петропавл» күре жолында көлік апатынан 10 адам зардап шекті

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» күре жолының бойында жол апаты орын алып, жолаушылар мінген шағын автобуста отырған 10 адам зардап шекті.

  • 15 Маусым 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

Жол апаты 13 маусым күні 17:15 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 238 шақырымында, яғни, Щучье қаласының маңында орын алған. Астана қаласына бағыт алған  «Санионг Истина»  шағын автобусы абайсызда жол шетіндегі қоршауға соғылған. Осының салдарынан көлік ішінде отырған 10 жолаушы зардап шекті. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК диспетчері бөлімінен хабарлады.

Жолаушылардың екеуі Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне, төртеуі травматология бөліміне, тағы төртеуі амбулаториялық ем алатын болды. Ал 1965 жылғы көлік жүргізушісі Е.Сыздықов зардап шеккен жоқ.