Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды

Ақмола облысы Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Сенбі күнінен бері Астана мен Ақмола облысында қатты боран соғып, Астанадан шығатын тас жолдар жабылуда, билік өкілдері мен құтқарушылар жүргізушілерден қала сыртына шықпауды сұрады. Ақкөл-Щучинск тас жолы телімінде құтқарушылар қарға батып қалған 103 автокөлікті шығарып алып, Щучинскіге дейін шығарып салды, олардың арасында 3 автобус бар. ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, Астана мен Ақмола облысында 9 желтоқсаннан бері екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с оңтүстік-батыстан соққан қатты жел мен боранның салдарынан дауылдық ескерту жарияланған.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 435
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар