"Облыста жол саласының ауқымды жобаларының бірі — Орталық-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі қайта құрылуда. Біздің облысымыз бойынша жолдың 653 шақырымы өтеді. Астана-Теміртау автожолы толықтай пайдалануға 2016 жылы беріледі", деді ол жұмада Астанада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Жобаға орай, автожол бірінші санатқа ауыстырылады, онда төрт жолақ болмақ және беті бетонмен жабылады.
Әкімнің айтуынша, биыл облыста жалпы пайдаланудағы жолдардың 770 шақырымы жөнделген, бұл жағдайы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесін 72-ден 74% дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Қарағанды облысы халқының саны 1,3 млн адамнан асады.