Жарияланды: 410

Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды

Байқоңыр. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Протон-М" зымыран тасығышын шығару туралы 1 қарашада өткен мемлекеттік комиссияның отырысында шешім қабылданды. Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді. Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған. Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін