Ол қыздарына қамқор болатын ер-азаматты тапқанын айтты. Бұл жайлы әнші instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір!
Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен🤗 Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге . Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар, деп жазды әнші.
Аталған жазбаға орай көптеген әншілер мен оқырмандар оған бақыт тіледі.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын әнші Мөлдір Әуелбекованың да екінші мәрте тұрмысқа шыққаны айтылған болатын.