Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шықты

Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті фотосын жариялап, тың жаңалығымен бөлісті.

  • 18 Мамыр 2020
  • 508
Фото - Caravan.kz

Әнші instagram желісіндегі парақшасында екі дүркін орамалды болғанын хабарлады.

"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын", — деп жазды әнші.

Әуелбекова осы уақытқа дейінгі суреттерін өшіріп тастаған, оған не себеп екені белгісіз.

Бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары әнші жарыса құттықтады:

"Орамалыңыз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін", "Бақытты болыңыз. Орамалыңыз құтты болсын. Әйел бақытын тілеймін", "Құтты болсын, бағың ашылсын", "Алла бағыңды ашсын", — деп жарыса жазды желі оқырмандары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by MOLDIR AUYELBEKOVA (@moldir.auyelbekova) on

 

Соңғы жаңалықтар