Жарияланды: 30

Атастыру сақинасының суретін жариялаған қалыңдықты жұрт мазақ етті

Атастыру сақинасының суретін жариялаған қалыңдықты жұрт мазақ етті

Интернет қолданушылары қалыңдықтың сақинасын сынға алып, оның тым кішкентай екенін айтып мазақ етті, - деп хабарлайды Metro.

Қыз бала қуанышты сәтінде түсірілген суретті Facebook желісіндегі үйлену тойына арналған топтардың бірінде жариялап, басқа да топ мүшелерінің сынына ұшырады. Қолданушылар оның кішкентай болғанына және қызға осы сақинаның ұнағанына шамданған. "Әлемдік деңгейдегі физиктер мен астрономдар бұл сақинаны көре алатындай аспап жасауы керек", - деп пікір білдірді топ қатысушыларының бірі. "Ол тым кішкентай, оны тағудың қажеті жоқ", - деді желінің басқа қолданушысы. Шағын гауһар бар сақина (сынамасы - 585) ETSY онлайн дүкенінен 132 долларға сатып алынған.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін