Атбасарда үйлер еріген қар суы астында қалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда үйлер еріген қар суы астында қалуда

Атбасарда үйлер еріген қар суы астында қалуда

Ақмола облысы Атбасар қаласында еріген қар суы бес көшені басып,

  • 9 Сәуiр 2014
  • 552
Фото - Caravan.kz

14 үй су астында қалған. Бұл туралы бүгін Атбасар ауданының әкімі Жомарт Нұркенов мәлімдеді.

«Қалада мұндай су тасқыны бірінші рет болып тұр, ідетте Жабай өзені қауіп тудыратын, енді су жан жақтан ағылуда. Қала ойпатта тұрғандықтан, су жиналып қалады», дейді ол.

Су басқан үйлерден 70-тен астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қырықтан астам қызметшісі суды Жабай өзеніне қарай бұру амалын қарастыруда.


Куәлардың мәлімдеуінше, су бір метр биіктікке дейін көтерілген, су басқан аулаларда мал мен үй жануарлары қырылуда. Адамдар мен құтқарушылар көшеден қайықпен өтуде.