"Менің ойымша сөз жоқ, міндетті түрде материалдық көмек көрсетіледі, сәйкесті шешімдер қабылданады. Қазірдің өзінде ең керекті деген көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ зақымданған тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, құрылыс жүргізу, қалпына келтіру мәселелері бүкіл бағалау жұмыстары жүргізілген соң шешіледі, комиссия іске кірісті, адамдар панасыз қалмайды", деді министрдің орынбасары Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.
Министрліктің соңғы мәліметтеріне қарағанда, Атбасарда су 540 аулаға, 344 үйге жайылған. Су жайылған аумақтан 256 адам эвакуацияланды, бір мыңға жуық адам қауіпті орындарды өз бетінше тастап кеткен.