Атбасарға тонналап азық-түлік жөнелтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Атбасарға тонналап азық-түлік жөнелтілуде

Атбасарға тонналап азық-түлік жөнелтілуде

Тасқыннан зардап шеккен Атбасар жұртына қызылжарлықтар қол ұшын созды. 6 жүк көлігіне тиелген ең қажетті деген заттарды теріскейдің кәсіпкерлері жинаған.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz


Материалдық көмекке 20 млн-дай теңге жұмсалыпты. Оған құрылыс заттары, 10 тонна ұн мен 5 тонна картоп тәрізді әртүрлі азық-түлік жіберген. Бұдан басқа әйелдер мен ерлердің киім-кешегі, балаларға арналған 20 кереует те бар. Еріген қар мен арнасынан асқан өзен суы Атбасардың 5 бірдей көшесін түгел шайып кеткен болатын. Мұнда қазір жүзден астам үйдің тұрғындары көмекке мұқтаж. Оларға қазір жатын орын, ыстық тамақпен қамтылуда. Қайырымдылық көмекті тұрғындарға қылдай етіп бөлу үшін арнайы комиссия да құрылған.