Атқарушы өндіріс жүйесін түбегейлі реформалаудың қажеттігі байқалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атқарушы өндіріс жүйесін түбегейлі реформалаудың қажеттігі байқалып отыр

Атқарушы өндіріс жүйесін түбегейлі реформалаудың қажеттігі байқалып отыр

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында сот актілерін орындау саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар мемлекеттік органдарға жемқорлық деңгейінің рейтинг  жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ә. Жақсыбековтің сөзіне қарағанда, статистикалық мәліметтер сот актілерін орындаудың төмен деңгейін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіртіп алуға жататын 2,2 трлн. теңге іс жүзінде 108 млрд. теңге көлемінде болды немесе 5 пайызы ғана. Бұған қоса, сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшырайтын салалардың бірі болып қалуда.

Осы орайда қалыптасып отырған жағдай атқарушы өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп жетілген мәселелерді шешуде жаңа амалдарды әзірлеу қажеттігін көрсетіп берді.


Отырыс барысында Әділет министрі Берік Имашевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековтің, Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменовтің есептері тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.