Аты аңызға айналған Боб Диланның гитарасы бәссаудаға шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аты аңызға айналған Боб Диланның гитарасы бәссаудаға шығарылды

Аты аңызға айналған Боб Диланның гитарасы бәссаудаға шығарылды

Нью-Йоркте Christie's аукцион үйі аты аңызға айналған американдық музыкант Боб Диланның электрогитарасын бәссаудаға шығарады.

  • 1 Қараша 2013
  • 458
Фото - Caravan.kz


Ол бұл аспаппен 1965 жылы Ньюпортта танымал фестивальда ойнаған болатын. Алдын ала баға бойынша, гитара 300-500 мың долларға сатылуы мүмкін.

Бәссаудаға қойылған Fender Stratocaster гитарасын Ньюпорттағы концерттен кейін Боб Дилан өзі және тобындағы музыканттар бірнеше ай бойы пайдаланған жекеменшік ұшақтың бортында қалдырған. Шамамен жарты ғасыр бойы бұл аспап Нью-Джерси штатындағы тұрғынның отбасында сақталып келген. Ол сол ұшақтың ұшқышы болған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.