Аты дардай "Ақтөбе" футбол клубы сатылымға шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аты дардай "Ақтөбе" футбол клубы сатылымға шығарылды

Аты дардай "Ақтөбе" футбол клубы сатылымға шығарылды

Еліміздің аты дардай "Ақтөбе" футбол клубы сатылымға шығарылды. Клубтың сатылып жатқаны жайлы Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік жекеменшік және жекешелендіру сайтында жарияланған.

  • 25 Қыркүйек 2018
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Сайтта көрсетілгендей, клубтың бастапқы бағасы 10 000 000 теңгені құрайды. Хабарландыруда айтылғандай, сенімділікті басқару мерзімі жеті жыл. 

Тендердің ең соңғы шартында Ақтөбе облысы мен шалғай аудандардағы балалар футбол клубын дамыту қарастырылған.

Ал басты шарт — сенімді басқару мерзімі аясында басқарушыны тағайындау немесе орнынан босату Ақтөбе облысының қаржы басқармасымен бірге ақылдасып, шешілуі тиіс. Өйткені, қазіргі таңда қаржы департаменті "Ақтөбе" футбол клубының негізін қалаушылары болып есептеледі.

Болашақта жаңа басшы клубтың барлық қарыздарын өтеу керек. Қаржы жағынан қиындыққа тап болған "Ақтөбе" футбол клубының кредиторларға да, мемлекетке де қарызы жетіп артылады.


 

Соңғы жаңалықтар