«Меморандумда инфляцияны ұстап тұру мен баға саясатын тұрақтандыру шаралары қарастырылған. Олардың арасында Махамбет ауданында жылыжайлар құрылысын салу (түсімділігі жылына 350 — 400 тонна жаңа піскен жеміс-көкөністер өндіруге тең), Өзбекстандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен делдалдардың қызметінсіз көкөніс алу туралы уағдаластық, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасына ауық-ауық мониторинг жүргізу шаралары бар», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Меморандумға сәйкес, базарлар өз қызметінің тарифтерін 2008 жылдың аяғына дейін көтермейді, ал көктем-жаз маусымында жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қосымша сауда орындары мен оларға жеңілдіктер беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті