Жақында кәсіпорында күрделі жөндеу аяқталды және қазіргі уақытта зауыт өнімнің жоспарлы көлемін шығаруға кірісті. Әдеттегі жанармай маркалары мен жағармай отыннан басқа мұнда АИ-98 маркалы бензин өндіре бастады.
Жөндеуден кейін мұнай өңдеушілер тәулік сайын 2 мың тонна автокөлік жанармай және 5 мың тонна дизельдік отын өндіре бастады. Жыл соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында 1,5 млн. тоннадан астам мұнай өңдеу жоспарланып отыр.