Жарияланды: 740

Атырау облыстық прокуратурасы ТШО компаниясынан шағым бойынша 135 млн. доллар өндіріп алмақшы

Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" ЖШС-нен крьерлерді заңсыз игергені үшін шығынның орнын толтыру есебінен 20 млрд. теңге (135 млн. доллар) өндіріп алу туралы шағым түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне прокурор Батыр Жазбаев хабарлады.

Табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратына сәйкес, құрылыс және коммерциялық мақсатта ТШО-ның иелігіне шартпен берілген аумақтан компания заңсыз құм мен батпақ алып пайдаланған. Облыстық прокуратураның қорытындысы бойынша, компания пайдаланған материалдар жер қойнауының байлығы- мемлекет меншігі болғандықтан оларды игеру үшін тиісті органдармен келісім-шартқа қол қою керек. Қазіргі жағдаймен мұндай заң бұзу туралы ақпарат Атырау облыстық әкімшілігі мен ҚР бас прокуратурасына келіп түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін