Атырау облысында 1127 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау  облысында  1127 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  керек

Атырау облысында 1127 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек

Атырау. 23 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Облыстық және аудандық жолдарды тізімдеу кезінде, Атырау облысының 1127 шақырымдық жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айқындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облыстық әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Қараша 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Манас Тасыбаевтың айтуынша, «есеп-қисаптың қорытындысы бойынша, Атырау облысында төселген 1762 шықырымдық тас жолдың 1134 мүлдем тозған. Олардың 1127 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау қажет болса, 429 кезекті жөндеулер жүргізу керек».

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, ауыл -аймақтарға апаратын жолдар апаттық жағдайда.

«Бұл мәселені тез арада жергілікті бюджет есебінен шешу мүмкін емес, өйткені жол жөндеуге айтарлықтай қаржы керек», — деді М.Тасыбаев.

Оның хабарлауынша, әкімдік ҚР ауыл шаруашылық министрлігіне жолдарды қайта жөндеу жобаларына қаржы бөлу жағынан көмек көрсету жөнінде хат жіберген.

Әкім орынбасарының атап өткеніндей, Атырау облысында 2007-2010 жылдары ауыл аймақтарының дамуы жөнінде бағдарламасы енгізілгендіктен, облыс әкімдігі ауыл шаруашылық министрлігінің көмегіне жүгініп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарлама биыл 11 сәуірде облыс мәслихатының 3 шақырылымында мақұлданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті