Жарияланды: 450

Атырау облысында 2003-жылы ауаға тасталатын зиянды заттар мөлшері 24 мың тоннаға азайды

Атырау облысында ауаға тасталатын зиянды заттар мөлшерін 24 мың тоннаға азайтып, қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер мөлшерін арттыруға мүмкіндік туды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Атырау облысының әкімі Аслан Мусин хабарлады.

А.Мусиннің айтуынша, 2003-жылдың маусым айында Атырау облысында тұңғыш рет облыстық мәслихат сессиясының шешімімен "Қоршаған ортаны қорғаудың 2003-2005-жылдарға арналған кешенді бағдарламасы" бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында бұған дейін тіркеуде тұрмаған және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлемей келген 2000-нан астам табиғат қорын пайдаланушы анықталып, тіркелді деді облыс әкімі. А.Мусиннің айтуынша, 2002-жылы ауаға тасталған улы заттар мөлшері 174 мың тоннаны құраса, 2003-жылы бұл сан 150 мың тоннаға дейін азайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін