Атыраудағы туберкулезге қарсы ауруханада 16 жастағы пациент өз-өзіне қол салған.
Тоғызыншы сынып оқушысының мәйіті дүйсенбі күні ауруханадағы киім ілетін бөлмеден табылған, деп облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Гүлназира Мұхтарова мәлім етті.
Полиция дерегіне сүйенсек, қыз бала ауруханада шілде айынан бері емделіп жатқан көрінеді.
Қазір аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр, сараптама тағайындалды, дейді ол.