Атырау облысында Ресей мен Украина азаматтары қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында Ресей мен Украина азаматтары қаза болды

Атырау облысында Ресей мен Украина азаматтары қаза болды

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Ресей азаматшасы мен Украина азаматы қаза болды.

  • 29 Тамыз 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz


Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, апат «Ақтобе-Атырау-Астрахан» автожолында орын алған. «Форд» көлігін басқарған 29 жастағы Атырау тұрғыны тізгінге ие бола алмай, автомобиль аударылып қалған. 35 жастағы ресейлік әйел мен 59 жастағы украиндық оқиға орнында көз жұмды. РФ-тың тағы бір азаматы мен машина жүргізушісі Исатай аудандық ауруханасына жатқызылды.