Айта кетейік, 28 наурызда Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен «Гате Иншаат» АҚ түрік фирмасының жұмысшылары түсе бастаған. Зардап шеккендердің бәрі сол күні зауыт асханасынан тамақтанған. Министрлік ақпараты бойынша, жаппай улануға құс еті себеп болған. Сонымен қатар, бактериологиялық зерттеулердің алдын ала нәтижесі көрсеткендей, 102 науқастан сальмонеллез ауруы анықталған, деп хабарлайды министрлік.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылдың 7 сәуір , сағат 18 жағдай бойынша 432 адам ауруханадан шыққан. 65 адам емделуде, оның 18- жұқпалы аурулар ауруханасында, 47 науқас Қарабатан ауылындағы уақытша ауруханада жатыр. «Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті