Оқыс оқиға Құлсары қаласындағы «Жылыойл продукт» ЖШС аумағында болған. «Көлемі 50 текше метрлік жанармай сақтауға арналған ыдысты ашқан кезде газды-ауалы қоспаның жарылысы болған, ол әріқарай тұтанған жоқ. Соның салдарынан 22 жастағы жігіт күйікке шалдығып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.