Жарияланды: 490

Атырау облысындағы "Мыңтеке" кенішіндегі өрт екінші тәулік жалғасуда

Атырау облысындағы "Мыңтеке" газ кенішіндегі өрт екінші тәулік жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-ақпанда осындағы М-3 ұңғысынан жабдықты шығарып алған кезде көгілдір отын шығып тұтана бастаған. 17-ақпан күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жалынның биіктігі 10-12 метрді құрап отыр. Агенттік ақпаратына сәйкес, апаттан құтқару шараларын жүзеге асыру барысында көтергіш лебедка роторлы аумаққа құлап, жетекші құбыр бұрғылау қондырғысының роторына түсіп кету салдарынан жалын шашыраңқы жағдайға көшті. Қазіргі жағдаймен төтенше жағдайды жою жұмыстарына "Ақберен" РҚКК-ның 11 адамы, "Каспийбурнефть-Қазақстан" ЖШС-нің 18 адамы мен 2 техника жұмылдырылып отыр. "Мыңтеке" газ кеніші Исатай ауданы Забурунье ауылында орналасқан. Кенішті игеру жұмыстарын "Каспий Петролиум" ЖШС атқаруда. Қазір өртеніп жатқан бұрғылау ұңғысының тереңдігі 405 метрді құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін