Мына көлік жол сақшыларының күдігін туғызған. “Фолксваген Пассат” тасжолдың жиегімен шамдарын сөндіріп, келе жатқан. Инспекторлар тексеруге тоқтатқан көліктің артқы есігін аша қалса, іші балыққа толып тұр екен. Ал жүргізушінің қолында 1 жарым тонна бекіре тұқымдас балықты тасымалдауға рұқсат қағаз да жоқ. Балық браконьерлік жолмен ауланған болса, иесі қылмыстық жауапқа тартылады.