Атырауда 7 тоннаға жуық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 7 тоннаға жуық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері жойылды

Атырауда 7 тоннаға жуық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері жойылды

Бүгін Атырауда 7 тоннаға жуық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері жойылды. Олардың арасында сүт, шұжық пен құс етіне дейін бар. Қаладағы көтерме сауда орталықтарынан жиналған бұл тағамдардың сақтау мерзімі 1 жыл бұрын өтіп кеткен.

  • 31 Қазан 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz


Көпшілігі Атырау облысындағы супермаркеттер мен өзге сауда орындарына азық-түлік өнімдерін жеткізетін «Атырау Ақбұлақ» серіктестігіне тиесілі өнімдер болып шықты. Айта кетерлігі, аталған мекеме мерзімі өткен бұл тағамдардың барлығын сауда нүктелеріне таратып шықпақ болған. Мұндай жағдай осыдан екі жыл бұрын да қайталанған еді. Ол кезде уақыты өткен осындай 15 тонна ет тәркіленіп, кейін оның көзін жойған-ды.