Атырауда анасы туған баласынан алимент өндіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда анасы туған баласынан алимент өндіріп алды

Атырауда анасы туған баласынан алимент өндіріп алды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті.

  • 8 Шiлде 2016
  • 494
Фото - Caravan.kz

Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, ай сайын 60000 теңге мөлшерінде өмір бойына алимент өндіруді сұраған.

Алдын ала сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Келісім шарттары бойынша жауапкер Ш.М. талап қоюшы Г.Б.-ға ай сайын 40 000 теңгеден өмір бойына төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы Г.Б. жауапкер Ш.М.-дан ай сайын 40 000 теңгені алуға келісіп, талабынан бас тартады.


Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді, деп хабарлайды Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар